Балқаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 137 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 мамырда № 6119-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш ауданының әкімі А. Кутпанбетов

  Балқаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 137 қаулысына қосымша

Күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі

      1)"Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы" Балқаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 мамырдағы № 53 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-6-72 болып тіркелген);

      2)"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Балқаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 мамырдағы № 54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-6-73 болып тіркелген);

      3)"Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Балқаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4100 болып тіркелген);

      4)"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Балқаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 болып тіркелген);

      5)"Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Балқаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4174 болып тіркелген);

      6)"Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Балқаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады