Жамбыл ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы N 13 қаулысы. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 ақпанда N 2-7-85 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 ақпандағы N 102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012.02.22 N 102 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына және 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес "Жастар практикасын" ұйымдастыру және өткізуге байланысты Жамбыл ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгіленсін.
      2. "Жамбыл аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тоқтагулова Гүлнар Бекенқызы) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шараларды уақтылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бекқожаев Ғадылжан Бекболатұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Бигелдиев М. С.

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 14 қаңтардағы
№ 13 "Жамбыл ауданында
жұмыссыздықтан әлеуметтік
қорғау жөнінде қосымша
шаралар белгілеу туралы"

      Жамбыл ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына сәйкес, бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибе алу, білім, білік, дағдыларын үйрену мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленген.

1.Жалпы ережелер

      1. Жамбыл ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар "Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Уәкілетті орган) бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастармен (бұдан әрі- Жұмыссыз жастар) жұмыс жүргізу (бұдан әрі- Жастар практикасы) тәртібін ұйымдастыруды білдіреді.
      2. Жастар практикасы Жамбыл ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі - Жұмыс беруші) ұйымдастырылып, өткізіледі.
      3. Уәкілетті орган еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жастар практикасына жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру

      1. Уәкілетті орган жастарды жұмыспен қамту бойынша, аудандағы ауылдық әкімдіктердегі өңірлік еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайға талдау жасау негізінде Жастар практикасын өткізуді ұйымдастырады.
      Жастар практикасын ұйымдастырғанда келесі негізгі өлшемдер ескеріледі:
      1) жұмыссыз жастардың саны және оның Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендердің жалпы санынан үлесі;
      2) жастар арасындағы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер санының өсуі;
      3) жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша еш дағдысының болмауы салдарынан жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аз болуы.
      5. Уәкілетті орган қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, болашақта даму, өндірісін кеңейту перспективалары және Жастар практикасының қатысушыларын қабылдау мүмкіндіктері бар кәсіпорындар туралы ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді. Бұған қоса Уәкілетті орган Жастар практикасын ұйымдастырудың және өткізудің шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат таратады, сонымен бірге жоғарыда аталған жұмыстың нәтижелері бойынша ұйымдарға Жастар практикасына қатысу жөнінде ұсыныс білдіріп, хабарлама жібереді. Ұйымның басшысы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде іс тәжірибеге қабылданатын жұмыссыздардың шамалы санын немесе қатысудан бас тартқандығы туралы жауап береді. Жауап бермеу Жастар практикасына қатысудан бас тарту болып есептелінеді.
      6. Уәкілетті орган үш күн ішінде тілек білдірген ұйымдармен жастар практикасын өткізу туралы келісім жасайды.
      7. Ұйымдар туралы жинақталған ақпараттарды қорытындылау және талдау негізінде Уәкілетті орган Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыз жастарға іріктеу жүргізеді. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:
      1) үміткерлер жұмыссыз ретінде Уәкілетті органға тіркеуге тұруы керек;
      2) үміткерлердің кәсіптік білімі және жастар практикасынан өтуге келісімі болу керек;
      3) Уәкілетті органның мәліметі бойынша Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде оларға лайықты жұмыстың болмауы.
      8. Жұмыссыздардың жастар практикасына Жастар практикасы басталған сәттен бастап 12 айлық кезеңде бір рет рұқсат беріледі және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Жұмыссыз азаматтардың Уәкілетті органның шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша Жамбыл ауданын әкімдігіне немесе сотқа шағымдануға құқылы.
      10. Жұмыссыздарды жастар практикасына алуға келісім берген жұмыс беруші жұмыссыз жастарды қабылдайды және Жастар практикасына қатысушылардың мамандығына (кәсібіне) сәйкес кәсіби білім, білік, дағдыларын үйретуді қамтамасыз ету туралы міндеттеме алады. Жұмыссыздармен алты айдан аспайтын мерзімге еңбек шартын бекітеді және еңбек шартын сәйкес, еңбек ақы төлеу бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатындығы туралы норма енгізеді. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жасалады, онда жастар практикасына қатысушы мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілуі керек.
      11. Уәкілетті орган жұмыссыз азаматты бекітілген нысандағы жолдамамен Жұмыс берушіге жібереді.
      12. Жұмыссыздарды Жастар практикасына алу туралы шешімді Жұмыс беруші қабылдайды. Жұмыс беруші жолдаманың жыртпалы талонын толтырып, Уәкілетті органның мекен - жайына жібереді.
      13. Жұмыссыздарды Жастар практикасына алу туралы шешім қабылдау кезінде, жұмыссызды алты айдан аспайтын мерзімге "Жастар практикасына" қабылдау туралы бұйрық шығарады. Жұмыс беруші Жастар практикасына қатысушыға білікті маман - тәлімгер бекітеді. Жұмыссыз еңбек міндеттерін жүзеге асыру кезінде еңбек заңдарына сәйкес барлық құқықтарға ие болады және міндеттеме алады.
      14. Жұмыссыздарды Жастар практикасы қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде, Жұмыс беруші Уәкілетті органға практикаға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді. Жастар практикасына қатысушыны қабылдаған жұмыс беруші әр айдың 25-іне дейін уәкілетті органға жұмыс уақытын есепке алу табелін ұсынады.
      15. Жастар практикасына қатысушы еңбек заңын бұзған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес шартты бұзуға құқығы бар.
      16. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыссызбен шарт бұзылған кезде, ол қабылдаған шешім туралы 3 күн ішінде Уәкілетті органға хабарлайды. Жұмыссыз азамат практиканы тоқтату туралы шешім қабылдай алады. Бұл туралы Жұмыс берушіге және Уәкілетті органға 3 күннің ішінде хабарлайды.
      17. Шарттың мерзімі өткеннен кейін жұмыс беруші уәкілетті органға азаматты практиканың аяқталғаны туралы бұйрықтың көшірмесін оның практикадан өтуі туралы сын пікірімен (ұсыныс) қоса жолдайды.
      18. Жұмыс берушінің шешімі бойынша жұмыссыз азамат Жастар практикасының мерзімі аяқталмай тұрып тұрақты жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда Жұмыс беруші Уәкілетті органға Жастар практикасына қатысушыны жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      19. Жастар практикасынан өткеннен кейін осы немесе басқа кәсіпорынға тұрақты (уақытша) жұмысқа орналастырылмаған азамат Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұруын жалғастырады.

3. Жастар практикасын қаржыландыру

      20. Жастар практикасын қаржыландыру бюджет қаржысы есебінен "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасы бойынша "Республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламаларын кеңейтуге ағымдағы мақсатты трансферттер" 103 кіші бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
      21. Жастар практикасына қатысушыларға ақы төлеуді Уәкілетті орган Жастар практикасына қатысушымен жасалған еңбек шартының негізінде нақты жұмыс атқарған уақыты үшін айына 20 мың теңгеден кем емес мөлшерде төлейді.
      22. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын төлеуді Уәкілетті орган олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады