Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 08.12.2011 № 726 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасына және 18-1 бабының 1,4 тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері болады:
1) нысаналы топтарға әдейі арналады;
2) жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
2. Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. Жұмыс берушілермен келісім-шарттарды жасауға «Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өкілеттілік берілсін.
4. «Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы) уәкілетті органға халық арасынан жұмыс іздеуші ретінде тіркелген нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік жұмыстарға жіберсін.
5. «Жамбыл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Базарбаев Жандос Мұратбекұлы) әлеуметтік жұмыс орындарын уақытылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
6. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 қарашадағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 13 желтоқсанда тіркелген, тіркеу нөмірі 2-7-33, 2007 жылғы 13 қаңтардағы 2 нөмірде (5318) «Атамекен» газетінде ресми жарияланған) 783 нөмірлі «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысы аудан әкімдігінің 2010 жылғы 6 қаңтардағы 2 нөмірлі қаулысымен күші жойылды.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қаныбек Құлжабайұлы Айтжановқа жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Бигелдиев М. С.
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы «14» қаңтардағы № 12
«Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы» қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын арттыру шараларын іске асыру мақсатында жасалған.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы тәртіп Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды анықтайды.
1.2. Осы тәртіпте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1)әлеуметтік жұмыс орны – нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жергілікті атқарушы органмен жұмыс берушімен келісім-шартқа отыру, оларға атқарған жұмыстарына жартылай шығындарын өтеу.
2)жұмыс беруші – аудан аумағында өзінің қызметін атқарып жүрген жеке меншік түрден тыс ұйым немесе жеке тұлға.
1.3. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша ұсынылады.
2. Жұмыс берушілерді іріктеу және ұйымдастыру
2.1. Жұмыс берушілердің іріктеу әлеуметтік жұмыс орнын ұсынуы мен төмендегіні анықтайды:
1) әлеуметтік жұмыс орындары арнайы халықты нысаналы топтағы азаматтарға арналуы керек.
2)әлеуметтік жұмыс орындары уақытша жұмыс болып есептелінеді, ұйымдарда тұрақты жұмыс немесе бос орын болып есептелінбейді.
3)жұмыс берушіде жартылай жұмыс күннің жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіншілігі бар.
4)әлеуметтік жұмыс орындар тиімді және әлеуметтік пайдалы болуы керек.
2.2. Әлеуметтік жұмыс орны алты айға дейін ұсынылады.
2.3. Әлеуметтік жұмыс орнын құруға ниет білдіретін жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен келісім-шартқа отырады, онда екі жақтың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары мен мөлшері және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көзі мен мерзімі қамтылуға тиіс.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландыру шарттары мен көзі
3.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, еңбек шарты бойынша әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтарға атқарған жұмыстың саны мен сапасына қарай ай сайын еңбекақы төленеді.
3.2. Жұмыс берушіден жұмыссыздарға жартылай шығындардың өтемақысы ауданның бюджетінде қарастырылған көлемде төлену керек.
3.4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру заңды түрде уәкілетті органмен қабылданады.