Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2011.02.17 N 49-224 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 Қаулысына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шаралары төленсін:
- 70 (жетпіс) еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы;
- 630 (алты жүз отыз) еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. «Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Келдібекова Ләйлә Қаракүшікқызы) жәрдемақының төленуін қамтамасыз етсін.
3. «Жамбыл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Тоқтағұлова Гүлнәр Бекенқызы) жәрдемақының қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, ғылым, білім беру, мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, құқық, азаматтардың бостандығы мен мүдделерін қорғау, депутаттық этика, өкілеттіктер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Абаев Әскербек Көкеұлы) жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Бапиева Р.С.
Мәслихат хатшысы
өкілеттілігін уақытша атқарушы Жұрын С.М.