Жамбыл ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2011 жылғы 17 ақпандағы N 49-224 шешімі. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 наурызда N 2-7-117 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 13-63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 05.01.2024 № 13-63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шаралары төленсін:

      - жетпіс есептік айлық есептік көрсеткіштен сомада көтерме жәрдемақы;

      - тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.

      2. "Жамбыл ауданының экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Келдібекова Ләйлә Қаракүшікқызы) жәрдемақының төленуін қамтамасыз етсін.

      3. "Жамбыл аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тоқтағұлова Гүлнәр Бекенқызы) жәрдемақының қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 05 ақпандағы "Жамбыл ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы төлеу туралы" № 33-143 шешімін Жамбыл аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 09 наурыздағы № 2-7-89 тіркелген. 2010 жылдың 22 наурызында № 12 (5493) Атамекен газетінде жарияланған шешімнің орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.

      5.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, ғылым, білім беру, мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, құқық, азаматтардың бостандығы мен мүдделерін қорғау, депутаттық этика, өкілеттіктер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Абаев Әскербек Көкеұлы) жүктелсін.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Дәуренбаева Ж.Ә.

Мәслихат хатшысы

Қазиев Б.Б.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады