Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 11.06.2012 N 8-69 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-2 тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы Ереже (қосымшада берілді) бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т. Вильданов
Мәслихат хатшысының
өкілеттігін уақытша атқарушы С. Жұрын
Жамбыл аудандық мәслихаттың
2010 жылғы «23» маусымдағы
«Жамбыл ауданының Құрметті
Азаматы» атағын беру туралы
№ 39-183 шешіміне қосымша
«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы»
атағын беру туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1.«Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын Жамбыл ауданының әкімдігі белгілейді. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімі бойынша беріледі. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру өте маңызды моралдық көтермелеу, ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына марапатталушының сіңірген ерекше еңбегін бағалау болып табылады. «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» атағын берудің мақсаты еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін Жамбыл ауданының тарихында сақтау болып табылады.
2. Атақ беру жөніндегі талаптар
2. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы өмірбаяны Жамбыл ауданымен байланысты, мемлекеттік наградалары немесе өзге де марапаттаулары бар, ауданның экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуына ерекше еңбек сіңірген, өзіндік үлес қосқан төмендегі талаптарға сай келетін тұлғаларға беріледі:
1) Ұлы Отан соғысы кезінде қаһармандық көрсеткендерге және ерлік жасағандарға немесе бейбіт уақытта кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке басының ерлігімен танылғандарға, сондай-ақ, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандарға;
2) өзін жергілікті басқару саласында көрсете білген, ауданның дамуына, тәуелсіз егеменді Қазақстанның тұтастығын сақтауға елеулі үлес қосқан мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;
3) халық шаруашылығының салаларында инновациялық қызмет атқарып, озық технологияларды енгізгендерге, сондай-ақ, ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына ерекше ықпал еткендерге;
4) аудан халқын сауықтыруға үлес қосқандарға, емдеу, аурудың алдын алу жұмысының үнемді және тиімді әдістерін енгізгендерге;
5) қоршаған ортаны қорғау және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту саласында үлес қосқандарға;
6) ғылымды, техниканы, әдебиетті, өнер мен қызметтің басқа түрлерін дамытуға елеулі үлес қосқандарға;
7) Қазақстан Республикасы азаматтары - өскелең ұрпақ бойында азаматтықты, мәдениеттілік пен патриотизмді тәрбиелеуге, сондай-ақ, білім беру сапасын жетілдіру мен арттыруға айырықша үлес қосқандарға;
8) отандық спорттың әлемдік ареналарда даңқын шығарған олимпиадалық ойындардың, әлем чемпионаттарының және басқа халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына және жүлдегерлеріне;
3. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы сіңірген еңбегі үшін, немесе саяси және қоғамдық қызметіне құрмет көрсету үшін, сондай-ақ, көрсеткен ерлігі үшін басқа қалалардың, аудандардың, республиканың басқа өңірлерінің азаматтарына да берілуі мүмкін.
3. Атақ беру тәртібі
4. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағына үміткерлерді Жамбыл ауданының әкімі ұсынады.
5. Аудан әкімінің ұсынымында үміткерлердің:
1) өмірбаяндық мәліметі;
2) ерекше еңбегі, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген мемлекеттік наградаларының және өзге де атақтарының тізбесі көрсетіледі.
6. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы ұсыным еңбек ұжымы, қоғамдық бірлестік, немесе селолық және поселкелік округтер әкімдерінің қолдау хаттары негізінде жасалады.
7. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы ұсыным аудандық мәслихаттың сессиясында қаралады.
8. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы алып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығы бар тұлғаларға берілмейді.
9. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы мәселенің қаралуы және шешімінің қабылдануы, атаққа ұсынылған тұлға болмаған кезде қабылдануы мүмкін.
10. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы ұсыным аудандық мәслихаттың сессиясында қатысқан депутаттар санының көпшілік дауысымен, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
11. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы аудандық мәслихат шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
12. Жамбыл ауданының Құрметті Азаматының аты жұртшылықтың ұсынысымен ауыл, кент көшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте берілуі мүмкін.
13. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын алған адам қайтыс болған жағдайда оның құжаттары туысқандарының немесе мұрагерлерінің қалауы бойынша мұражайларға берілуі мүмкін.
14. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру туралы Ережені аудандық мәслихат бекітеді.
15. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағымен бірге куәлік, төсбелгі және «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» лентасы қоса беріледі.
16. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматының» лентасы, куәлігі, төсбелгісі үлгілерін аудан әкімі белгілейді.
17. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы бір адамға екінші рет қайтара берілмейді.
18. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы қайтыс болған адамдарға берілмейді.
19. «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» атағы берілетін адамның басқа аудандардың да немесе облыстардың да «Құрметті азаматы» атағы иегері болуы мүмкін.