Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуликасындағы әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Онамастика кеңесінің келісімін ескере отырып Жамбыл селолық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл селолық округіне қарасты Жамбыл ауылындағы жаңа құрылыс жерлерінің көшелері жаңадан «Әкуа Аралбайұлы» және «Ботақара батыр» деп аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Жамбыл селолық
округ әкімі А. Шормақов