2010 жылы Еңбекшіқазақ ауданында "Жастар тәжірибесін" ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы N 59 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 11 ақпанда N 2-8-136 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 233 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011.03.31 N 233 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына және 2-тармағына, сәйкес бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибе алу, білім білік-дағдыларын үйрену мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жастар тәжірибесін" ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралардың қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Жастар тәжірибесі" туралы қағиданы іске асыру Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Мұратбай Ансатбаев) тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бекетаев Мақсат Тоқбергенұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               Ә. Тойбаев

2010 жылы Еңбекшіқазақ
ауданында "Жастар тәжірибесін"
ұйымдастыру туралы 2010 жылғы
18 қаңтардағы N 59 Еңбекшіқазақ
ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
қосымша

Еңбекшіқазақ ауданында "Жастар тәжірибесін" ұйымдастырудың
қағидасы

      Еңбекшіқазақ ауданында бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту және олардың тәжірибе жинақтауы, білім, білік-дағдыларын алу мақсатында әзірленген.

1. Жалпы қағида

      1.1 Осы қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      а) уәкілетті орган - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып саналады;
      б) "Жастар тәжірибесі" - бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастармен жұмыс жүргізуді білдіреді;
      в) Жұмыс беруші - "Жастар тәжірибесі" туралы қағиданы іске асыруын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
      1.2 "Жастар тәжірибесі" Еңбекшіқазақ ауданының заңды және жеке тұлғаларында ұйымдастырылып өткізіледі.

2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

      2.1 Уәкілетті орган қаржылық – экономикалық жағынан тұрақты, болашақта даму, өндірісін кеңейту перспективалары қабылдау мүмкіндіктері бар заңды және жеке тұлғаларымен "Жастар тәжірибесін" өткізу жайлы жұмыс жүргізеді.
      2.2 Уәкілетті орган "Жастар тәжірибесі" қағидасы бойынша жастарды жұмысқа қабылдайтын заңды және жеке тұлғаларымен келісім жасайды.
      2.3 Уәкілетті орган жұмыссыз жастарды "Жастар тәжірибесіне" жіберу үшін талдау кезінде келесі өлшемдерді ескереді:
      1) үміткерлердің кәсіптік білімі бар және жұмыссыз ретінде уәкілетті органға тіркелуі;
      2) "Жастар тәжірибесіне" жіберу кезінде оларға уәкілетті органның мәліметі бойынша лайықты жұмыстың болмауы.
      2.4 Осы қағида бойынша есепте тұрған жұмыссыз жастар "Жастар тәжірибесіне" қатынасуына жылына бір рет 6 айға дейін рұқсат беріледі.
      2.5 Уәкілетті орган "Жастар тәжірибесіне" қатынасушыларды жұмыс берушіге жолдамамен жібереді.
      2.6 Уәкілетті орган "Жастар тәжірибесін" ұйымдастыру мен өткізу шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат таратады.

3. "Жастар тәжірибесі" қағидасына қатынасушылардың құқықтары
мен міндеттері

      3.1 Уәкілетті органның "Жастар тәжірибесі" қағидасы бойынша жұмысқа жіберуден бас тартқан іс әрекеттеріне аудан әкімдігіне, Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және құқықтық органдарға шағымдануға құқылы.
      3.2 "Жастар тәжірибесіне" қатынасуға тілек білдірген адамдар уәкілетті органнан ақпарат алуына құқылы.
      3.3 Осы қағида бойынша жұмыспен қамтамасыз етілген жастар заңды және жеке тұлғалардың ішкі еңбек тәртібін сақтауы міндетті.
      3.4 "Жастар тәжірибесіне" қатынасушылар жеке есеп шотын уәкілетті органға өткізеді.

4. Заңды және жеке тұлғалардың міндеті мен құқығы

      4.1 Осы қағида бойынша жастарды жұмыспен қамтамасыз ету туралы Уәкілетті органның тарапынан берілген жолдаманы қабылдап, жолдаманың жыртпалы талонын толтырып қайта қайтару.
      4.2 "Жастар тәжірибесіне" қатынасушылармен 6 айға дейін еңбек шартын жасау және бұйрық шығару.
      4.3 Осы қағида бойынша жұмысқа қабылданған жастардың еңбек ақысын Уәкілетті орган арқылы жүзеге асыру.
      4.4 Жұмыс беруші уәкілетті органға жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін және әр айдың 25-іне дейін жұмыссыздардың табелін жолдау.
      4.5 Осы қағида бойынша жұмысқа қабылданған жастардың кәсіби мамандығы бойынша кәсіпті білімі мен біліктілігін арттыру және тәлімгер бекіту.
      4.6 Жұмыссыз еңбек міндеттерін жүзеге асыру кезінде еңбек заңдарына сәйкес барлық құқықтарға ие болады және міндеттеме алады.
      4.7 Қағида бойынша жұмысқа қабылданған жұмыскер еңбек тәртібін бұзған үшін жұмыстан шығарылғаны туралы уәкілетті органға күнтізбелік 3 күн ішінде хабарлау.
      4.8 Шарттың мерзімі өткеннен кейін жұмыс беруші уәкілетті органға азаматты жұмысқа қабылдау немесе тәжірибенің аяқталғаны туралы бұйрықтың көшірмесін оның тәжірибеден өтуі туралы мінездемесін (ұсынысын) қоса жолдайды.
      4.9 Осы қағида бойынша жұмысқа қабылданған жастарды тұрақты жұмысқа қалдыруға құқылы.

5. "Жастар тәжірибесін" қаржыландыру

      5.1 " Жастар тәжірибесі" қағидасы бойынша қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
      5.2 "Жастар тәжірибесіне" қатынасушыларға уәкілетті орган нақты атқарған жұмысы үшін жеке есеп шоттарына аудару арқылы айына 20 мың теңгеден аспайтын мөлшерде еңбекақы төлейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады