Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2012.08.22 N 9-1 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-2 тармақшасына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Ташполат Жамалович Жамаловқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
38-сессиясының төрағасы Қ. Бұланбаева
Аудандық мәслихат
хатшысы Ә. Талқамбаев
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 14-сәуірдегі
"Еңбекшіқазақ ауданының
құрметті азаматы" атағын
беру Ережесі туралы"
N 38-3 шешімімен бекітілген
"Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" атағын беру
Е Р Е Ж Е С І
І. Жалпы ережелер
1. Осы "Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-2-тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. "Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" атағын беру марапатталатындардың ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына қосқан еңбектері үшін қоғамдық танытуды білдіру болып табылады. Азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың ауданның дамытудағы күш-жігерін көтермелеуге, өскелең ұрпақты қазақстандық отан сүйгіштік пен халықтар арасындағы достықты нығайту рухында тәрбиелеуге шақырады.
3. "Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" атағы мәдени, құрылыс, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы міндеттерді шешудегі айрықша еңбегі үшін, жоғары кәсіби шеберлігі мен өндіріс саласындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғарғы жетістіктері, қайырымдылық пен мейірбандық қызметтер жасаудағы және ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін беріледі. Үміткер аудан аумағында кем дегенде 10 жыл тұруы, әрі бұған дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің наградаларымен немесе аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың "Құрмет грамоталарымен" марапатталған болуы керек.
4. "Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" атағы ауданда туып, өскен, еңбек сіңірген, жұмыс бабымен лауазымы үкімет, өкімет ұсынысымен өскен, басқа аудандар мен қалаларда республика деңгейінде қызмет атқарып жүрген азаматтарымызға берілуі мүмкін.
5. "Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" атағы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған немесе кінәләрі алынып тасталмаған адамдарға берілмейді.
ІІ. "Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" атағын беруге
ұсыну тәртібі
1. "Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" Қазақстанның ұлттық, мемлекеттік мерекелері қарсаңында беріледі.
2. "Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" атағын беруге еңбек ұжымдары, саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер жалпы жиындарының хаттамасы әзірленеді және аудан әкімінің ұсынысымен аудандық мәслихат сессиясында қаралып, тиісті шешім қабылданады.
Хаттамаға тиісті басшының қолы қойылады, онда осы кандидаттың сіңірген еңбегі көрсетіледі. Жиналыс /жиын/, конференция хаттамаларының көшірмесі, кандидаттың сіңірген еңбегін растайтын құжаттарының көшірмелері, өмірбаяндық мәліметтері қоса тігіледі.
"Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы хаттамасы оған қоса тіркелетін құжаттарымен бірге аудандық әкімдікке жіберіледі.
3. "Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" атағын беру мәселелері бойынша құжаттар жүргізу мен есепке алуды, куәлігі мен төсбелгісін жасауды аудандық бюджеттің есебінен аудан әкімі аппараты жүзеге асырады.
4. "Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы" куәлігі мен төсбелгіні аудан әкімі және мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.