Жаңашар селолық округінің аумағында орналасқан Құлжа трассасынан бастап Бокстан олимпиадалық даярлау орталығына дейін баратын атауы жоқ көшені - Олимпиада көшесі деп атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар селолық округі әкімінің 2010 жылғы 06 сәуірдегі N 04-06 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 15 сәуірде N 2-8-139 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағы, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 16 наурыздағы N 1 келісімімен сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар селолық округінің аумағында орналасқан Құлжа трассасынан бастап Бокстан олимпиадалық даярлау орталығына дейін баратын атауы жоқ көше - Олимпиада атындағы көше деп атау берілсін.
      2. Осы шешіммен мекеме, кәсіпорын және ұжымдардың басшылары таныстырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау округ әкімінің орынбасары Серік Казымович Бисенкуловқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңашар селолық
      округінің әкімі:                           Б. Бекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады