Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011.01.14 N 2 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабындағы 1-тармағының 13-тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, халықтың нысаналы топтарына жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданының аумағындағы халықтың нысаналы тобына жататындардың тізбесіне аудандағы уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ. Әлібаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Дүйсембінов