1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 мамырдағы N 153 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 17 маусымда N 2-9-107 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қаңтардағы N 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011.01.14 N 2 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабындағы 3-тармағына, 20-бабындағы 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 29 наурызындағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуіріндегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 313 Қаулысы басшылыққа ала отырып Ескелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабұлақ кенті, Строитель көшесі N 13 үй мекен-жайында "Алматы облысы, Ескелді ауданы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде он сегізден, жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылып, қамтамасыз етілсін.
      2. 1983-1992 жылы туылған азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Кент және ауылдық округтер әкімдері әскерге шақырылатын азаматтарға шақыру қағазын табыс етіп, олардың міндетті түрде аудандық қорғаныс істері бөліміне келуін қамтамасыз етсін.
      5. "Ескелді аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Албаков Илзат Назымұлына әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексеруден өткізуге білікті дәрігер мамандар мен орта буындағы медициналық қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етуі туралы ұсыныс берілсін.
      6. "Ескелді аудандық ішкі істер бөлімінің" бастығы Сембаев Бақыт Қожахметұлына әскерге шақырылатын азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шығарып салу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырып, аудандық қорғаныс істері бөліміне оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер туралы хабар ұсыну туралы ұсыныс берілсін.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің бірінші орынбасары Әлібаев Қайырғали Айтжанұлына жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Дүйсембінов

Ескелді ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 21 мамырдағы
N 153 "1983-1992 жылдары
туылған азаматтарды 2010
жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында
кезекті әскери қызметке
шақыру туралы" қаулысына

N 1 қосымша

Ескелді ауданының әскери қызметке 1983-1992 жылдары туылған
азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
айларында кезекті шақыру жөніндегі комиссиясының
ҚҰРАМЫ:

      Қанағатов Асан Уахытұлы - Комиссия төрағасы,Ескелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, ҚР ҚК подполковнигі;
      Тоқбаев Жанатай Мұқашұлы - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша бас маманы;

Комиссия мүшелері:

      Берліқожанов Болат Жебегенұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі;
      Зонов Сергей Федорович - аудандық аурухананың дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы;
      Боранбекова Сара - комиссия хатшысы

Ескелді ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 21 мамырдағы
N 153 "1983-1992 жылдары
туылған азаматтарды 2010
жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында
кезекті әскери қызметке
шақыру туралы" қаулысына

N 2 қосымша

Аудан бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі:

Р/с

Кентік, ауылдық округтер

Сәуір      Маусым

Қазан

Желтоқсан

10

11

12

13

14

17

18

22

23

24

25

26

1

2

3

6

7

8

1

Алдабергенов


х






х











2

Бахтыбайбай





х

х











х

х

3

Төленгіт




х








х







4

Сырымбет




х





х










5

Қаратал


х








х









6

Қайнарлы

х










х








7

Көкжазық

х












х






8

Жалғызағаш




х










х





9

Қоныр


х














х



10

Ақын Сара




х











х




11

Қарабұлақ к



х


х

х

х

х

х





х


х



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады