Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 13.08.2012 N 9-5 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-2-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қарасай ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы» Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуы жөніндегі тұрақты комиссиясына /Е.Миразов/ жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
39–шы сессиясының төрағасы Е. Шуқанов
Аудандық мәслихаттың хатшысы М. Ахметов
Қарасай аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 16 сәуірдегі
№ 39-9 шешімімен бекітілген
«Қарасай ауданының құрметті азаматы»
атағын беру туралы
Е Р Е Ж Е
1. Жалпы ережелер
1. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағы аудандық мәслихаттың шешімімен беріледі. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағын беру патриоттық функцияны орындауға шақырады және Қазақстан Республикасы мен аудан алдындағы ерекше еңбегін қоғамның мойындауының көрінісі болып табылады.
Сондай-ақ, «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағын берудегі мақсат еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін, Қарасай ауданының тарихында сақтау болып табылады.
2. Атақ беру жөніндегі талаптар
2. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағы өмірбаяны Қарасай ауданымен байланысты, мемлекеттік наградалары бар, төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:
1) Ұлы Отан соғысы кезінде каһармандық көрсеткендер және ерлік жасағандар немесе бейбіт уақытта кәсіби мінеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке ерлік жасағандар, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандар;
2) өзін жергілікті мемлекеттік басқару саласында көрсете білген, ауданның дамуына, тәуелсіз егеменді Қазақстанның тұтастығын сақтауға елеулі үлес қосқан мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;
3) халық шаруашылығының салаларындағы инновациялық қызметі және озық технологияларды енгізгені үшін, сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді ықпал еткендерге;
4) аудан халқын сауықтыруға үлес қосқандарға, емдеу алдын-алу жұмысының үнемді және тиімді әдістерін енгізгені үшін;
5) қоршаған ортаны қорғау және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту саласында үлес қосқандарға;
6) ғылымды, техниканы, әдебиетті, өнер мен қызметтің басқа түрлерін дамытуда елеулі үлес қосқандарға;
7) Қазақстан Республикасының азаматтары өскелең ұрпақ бойында азаматтықты, мәдениеттілік пен патриотизмді тәрбиелеуде, сондай-ақ, білім беру сапасын жетілдіру мен арттыруда айрықша үлес қосқандарға;
8) отандық спорттың әлемдік ареналарда даңқын шығарған олимпиадалық ойындардың, әлем чемпионаттарының және басқа халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне.
3. Атақ беру тәртібі
3. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағын иеленуге үміткерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі ұсынады.
4. Ұсынылған үміткерлердің:
1) аудан әкімінің ұсынысы;
2) өмірбаяндық мәліметі;
3) ерекше еңбектерін растайтын құжаттары, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген мемлекеттік наградаларының тізбесі ұсынылады.
5. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыным еңбек ұжымы мен қоғамдық бірлестіктердің қолдау хаттары негізінде жасалады.
6. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыным аудандық мәслихаттың сессиясында қаралады.
7. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағы алып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығы бар тұлғаларға берілуі мүмкін емес.
8. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселенің қаралуы және шешімінің қабылдануы, атаққа ұсынылған тұлға болмаған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
9. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыным аудандық мәслихаттың сессиясында қатысқан депутаттар санының көпшілік даусымен, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
10. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағы берілген тұлға «Қарасай ауданының құрметті азаматы» ерекше белгісімен марапатталады.
11. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағы салтанатты және жариялық жағдайында аудандық мәслихаттың хатшысы мен аудан әкімі тапсыратын куәлікпен және төсбелгімен расталады.
12. Құрметті азаматтың есімі ауданның құрметті азаматтары кітабына жазылады.
13. «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы аудандық мәслихат шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
14. Ауданның Құрметті азаматының аты жұртшылықтың ұсынысымен қала, кент, село көшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте берілуі мүмкін.
15. Атақ алған адам қайтыс болған жағдайда, оның құжаттары туысқандарының немесе мұрагерлердің қалауы бойынша мұражайларға берілуі мүмкін.
Аудандық мәслихаттың кезекті
39-шы сессиясының төрағасы Е. Шуқанов
Аудандық мәслихаттың хатшысы М. Ахметов