1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы N 1-1 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 10 ақпанда N 2-11-114 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, N 151 мекен-жайында орналасқан "Алматы облысы, Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қалалық, ауылдық округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде "Алматы облысы, Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
      3. Қарасай ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы "Қарасай ауданының 1994 жылы туылған азаматтарын шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 12-31 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 10 қаңтардағы 2-11-97 нөмірімен енгізілген, 2011 жылдың 29 қаңтарында N 5 "Заман жаршысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қалиев Еділ Әбуұлына жүктелсін.
      5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Дәуренбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Алматы облысы Қарасай
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы, подполковник                      Желеуов Мұратбек Әбенұлы
      23 қаңтар 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады