Таусамалы ауылдық округіндегі орналасқан жер теліміне Алатау ықшам ауданы атын және көшелерге жаңа атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Таусамалы ауылдық округінің әкімінің 2010 жылғы 7 маусымдағы N 06-66 шешімі. Алматы облысы Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 шілдедегі N 2-11-92 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес округ әкімі
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Таусамалы ауылдық округі тұрғындарының өтініштерін негізге ала отырып, округке қарасты орналасқан жер теліміне «Алатау» ықшам ауданы аты берілсін.
      2. Таусамалы ауылдық округіндегі Алатау ықшам ауданындағы жаңа көшелерге Атамекен, Арман, Арасан, Алтай, Бірлік атаулары берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзімде қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан он тізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

      Әкім                            Қ. Күлембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады