Бастөбе ауылдық округінің "Күрішдаласы" ауылына қой, ешкі малдарының ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізілуі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 140 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 08 шілдеде N 2-12-151 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы N 285 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы N 285 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына, 1-бабының 44 тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2010 жылдың 14 маусымдағы N 340 сараптамасы, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2010 жылдың 15 маусымдағы N 578 хабарламасы және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2010 жылдың 15 маусымдағы хаттамасы негіздерінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бастөбе ауылдық округінің "Күрішдаласы" ауылына қой, ешкі малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу іс – шаралары енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонақбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                      Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады