РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәсіпорындармен ұйымдарға, меншік түріне қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасы белгіленсін.
2. Кәсіпорындармен ұйым басшылары мүгедектердің шектеулі мүмкіндігіне орай, жеке ерекшелігіне сай келетін қажетті жұмыс орнын қамтамасыз етсін.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А.Диханбаева):
1) жұмысқа орналастыру туралы көмек сұраған мүгедектерді әлеуметтік жұмыс орындарын пайдаланып, жұмысқа орналастыру;
2) мүгедектерге кәсіптік оқуды ұйымдастыру және жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру жүктелсін.
4. Кербұлақ аудандық әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 12 ақпан N 2-13-89 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2009 жылдың 27 ақпанындағы N 9 санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" N 13-ші қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Момбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі | Н. Жантілеуов |