"Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 тамыздағы N 32-242 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 17 қыркүйекте 2-13-127 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 06-45 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012.06.08 N 06-45 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Кербұлақ ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін;
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін;

      Аудандық мәслихатының
      сессия төрайымы міндетін
      уақытша атқарушы                           Сәуле Молданазарқызы Шуақова

      Кербұлақ аудандық
      мәслихаты хатшысының                       Қуаныш Жарманбекұлы Борманбеков

      КЕЛІСІЛДІ

      Кербұлақ ауданының
      әкімі                                      Нұрбай Қожатайұлы Жантілеуов
      24 тамыз 2010 жыл

Кербұлақ аудандық мәслихатының
2010 жылғы 24 тамызындағы
"Кербұлақ ауданының Құрметті
азаматы" атағын беру
туралы Ережесін бекіту
туралы N 32-242 шешімімен
бекітілген

"Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" атағын беру
ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

      1. "Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. "Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" атағын беру, марапатталатындардың ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамудағы айрықша еңбектері үшін, қоғамда алатын орнын танытатын мәні зор ынталандырудың бірі болып танылады. Азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың ауданның экономикалық және әлеуметтік дамытудағы күш-жігерін көтермелеуге, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштік пен халқының жанашыры болуға шақырады.
      3. "Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" атағы мәдениет, білім, денсаулық, құрылыс салаларындағы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамудағы міндеттерді шешуге айрықша үлес қосқан және ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқан айрықша еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін, өндіріс саласында, бизнес, шығармашылық, спорт, мемлекеттік қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғарғы жетістіктерін, қайырымдылық пен мейірбандық қызметтер жасауда және осы азаматтың аудан аумағында 15 жыл тұрып, ауданның кәсіпорындарында, не ұйымдарында, мекемелерде 10 жыл мінсіз қызмет (жұмыс) атқарса, жасы 50-ге жеткен ауданның тумалары мен тұрғындарына беріледі. Әрине олардың барлығы да басқа қалалар мен аудандардың "Құрметті азаматы" атағын иеленбеген болуы тиіс.
      4. "Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" атағы аудан халқына, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жасаған қамқорлығы, сіңірген еңбегі үшін немесе жекелеген адамдардың өмірде қол жеткізген жетістіктеріне (шығармашылықта, ғылымда, кәсіпкерлікте) орай құрмет білдіру мақсатында басқа аудандар мен қалаларда тұратын азаматтарға берілуі мүмкін.

2. "Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс
тәртібі

      1. "Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" атағы Қазақстан Республикасының даталы күндері, Ұлттық, мемлекеттік мерекелеріне орай беріледі.
      2. "Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсынысты, барлық құжаттарымен бірге аудандық мәслихатқа аудан әкімі енгізеді.
      3. Кәсіпорын, ұйым, бірлестік қоғамдық ұйымдар және шығармашылық одақтардың басшылары "Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы өтініш хатты, ұжымның жалпы жиналысының хаттамасын, ұсынылған кандидатқа мінездемені және өмірбаяндық мәліметтерді, аудан әкімінің аппаратына ұсынады.
      4. Атақ беру үшін ұсынылған адамның кандидатурасы жұмыс істейтін кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, сондай-ақ қоғамдық ұйымның жиналысында қаралып, шешім қабылданады, ауданға сіңірген еңбегі, көрсеткіштері, шығармашылық еңбектері, қызметінің тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер, негізгі жұмыс нәтижелері, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына қосқан нақты үлесі көрсетілген мінездеме бекітіледі.
      5. Жиналыс хаттамасына жиналыс төрағасы, хатшысы қол қояды, мөр басып куәландырады. Аудан әкіміне жолдаған өтініш хатқа, мінездемеге кәсіпорын, ұйым, бірлестік, қоғамдық ұйымның, шығармашылық одақтың басшылары қол қояды, мөр басып куәландырады. Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған жеке тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырылмайды.
      6. Атақ беру туралы құжаттар қабылданбаған жағдайда және аудандық мәслихаттың сессиясында атақ берілмесе аудандық мәслихат, аудан әкімдігі, кәсіпорын, мекеме, бірлестік қоғамдық ұйымға ауызша немесе жазбаша түрде түсіндірме беріледі.
      7. "Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" куәлігі мен төсбелгісін жасауды аудан әкімі аппараты жүзеге асырады.
      8. "Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы" куәлігі мен төсбелгіні аудан әкімі мен мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады