Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 24.12.2010 № 36-282 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Кербұлақ ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына, отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленсін.
2. Кербұлақ ауданының қаржы бөлімі (Гаухар Ақылбекқызы Мұсахметова) әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Айгүл Тұрдахынқызы Диханбаева) әлеуметтік көмекті есептеу және төлеу жұмыстарын жүзеге асырсын.
4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы К.І.Меренбаеваға жүктелсін.
5. Осы шешім, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының
сессия төрайымы Сәуле Молданазарқызы Шуақова
Кербұлақ аудандық
мәслихаты хатшысының міндетін
уақытша атқарушы Қуаныш Жарманбекұлы Борманбеков