Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 24.04.2018 № 37-176 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422–бабы 2 – тармағы және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабы 1 – тармағы 14),15) – тармақшалары негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Райымбек ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде мына төмендегідей тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары белгіленсін: (айына есептегенде)
1) бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын автоматы - 4 (айлық есептік көрсеткіш)
2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы - 6 (айлық есептік көрсеткіш)
3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер - 1 (айлық есептік көрсеткіш)
4) ойын жолы - 10(айлық есептік көрсеткіш)
5) карт - 5 (айлық есептік көрсеткіш)
6) бильярд үстелі - 4 (айлық есептік көрсеткіш)
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Т. Нүсіпқожаев |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Ұ. Әбек |