Райымбек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 08 ақпандағы № 34-170 "Бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 37-176 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 5 мамырда № 4678 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Райымбек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 34-170 "Бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-15-82 тіркелген, аудандық "Хантәңірі" газетінде 2010 жылғы 13 наурызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихатының "Жергілікті өзін-өзі басқару, қаржы және бюджет, экономикалық саясат, инновациялық даму, кәсіпкерлік, туризм, аграрлық мәселелер, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Мүсірбаев
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Е.Құдабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады