Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы N 01-01 шешімі. Алматы облысының әділет департаменті Панфилов ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 04 наурызда N 2-16-105 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 12-13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің 2010.12.30 N 12-13 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының 1993 жылы туылған ер азаматтары мен шақырылу жасынан өткен, бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек ер азаматтары 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуден өткізілсін.
      2. "Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (М. Ж. Мұқанов келісім бойынша):
      1) 1993 жылы туылған және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеу жұмыстарын ұйымдастырып өткізу.
      2) 1993 жылы туылған және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу қорытындысы туралы ақпаратты 2010 жылғы 10 сәуірге дейін аудан әкіміне тапсыру ұсынылсын.
      3. "Панфилов ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (Т. Сарпеков келісім бойынша):
      2010 жылғы қаңтар айында 1993 жылы туылған ер азаматтардың барлығына амбулаторлық, диспансерлік, Ф N 025/у және Ф N 025-1/у карталары "Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын.
      4. Қалалық, ауылдық округтерінің әкімдері:
      Шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс 1993 жылы туылған Қазақстан Республикасының ер азаматтарының тіркеу учаскесіне келуін қамтамасыз ету және олардың тізімдерін Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ұсыну тапсырылсын.
      5. "Панфилов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А. Омаров келісім бойынша) шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеу кезінде:
      1) "Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өтініші бойынша есепке тұрудан бас тартқан тұлғаларды іздестіру және тіркеу учаскесіне жеткізу;
      2) Шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолдану ұсынылсын.
      6. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Албанбекова) тіркеу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландырылуын жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаржы есебінен қамтамасыз етсін.
      7. Шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс 1993 жылы туылған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеу жұмыстарының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Раевқа жүктелсін.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Е. Келемсейіт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады