Панфилов ауданының 1994 жылы туылған азаматтарын әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 12-13 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 28 қаңтарда N 2-16-131 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің 2012 жылғы 09 қаңтардағы N 01-01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің 2012.01.09 N 01-01 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтары "Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қалалық, ауылдық округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары белгіленген мерзімде Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
      3. Панфилов ауданының әкімінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы" N 01-01 /аудандық Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 04 наурызында тіркелген нөмірі 2-16-105, "Жаркент өңірі" газетінің 2010 жылғы 22 наурыздағы 18-нөмірде жарияланған/ шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Келемсейіт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады