Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 157 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 05 мамырда N 2-16-110 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы N 799 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2011.11.28 N 799 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1 тармағының 14-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі- әлеуметтік көмек) азаматтың қайтыс болған кезеңдегі айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінде тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін.
      2. Әлеуметтік көмек, азамат қайтыс болған күннен бастап, алты ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша, отбасының табысына қарамастан, қайтыс болған адам жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімде ресми түрде тіркеуде тұрған жағдайда, жұмыс істеп жүріп қайтыс болған кезде, мекеменің меншік түріне қарамастан еңбек қатынасында болса төленеді.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен /Азат Жапарұлы Жақыбай/ әлеуметтік көмек отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның жеке шотының нөмірлері көрсетілген өтініштің негізінде екінші деңгейдегі банк немесе лицензиясы бар, осындай қызмет атқаратын мекемелер арқылы мына төмендегі құжаттарды өткізген жағдайда тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін:
      1) өтініш иесінің жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін оралманның жеке куәлігі, босқын статусына ие адамдардың, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) сақтандыру кассасына ұсынылатын азаматтық хал актілерін жазатын органдар беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы);
      3) еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, еңбек келісім-шарты);
      4) ресми түрде жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама.
      4. Аудандық қаржы бөлімімен (Бибігүл Нүкенқызы Албанбекова) жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді аудандық бюджетте жоспарланған, қаралған қаржыдан төленуі қамтамасыз етілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Амантай Абдықадырұлы Раевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Келемсейіт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады