РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17, 18-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу үшін аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2011 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1994 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
2. Ауылдық, поселкелік, қалалық округтердің әкімдері:
1) 1994 жылы туылған, сондай-ақ жасы ұлғайған азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін.
2) азаматтардың медициналық куәландырудан өткізілуін қамтамасыз ету үшін олардың учаскесіне жеткізілуін қадағаласын.
3. "Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (М.С.Долаева):
1) 2010 жылғы "Сарқан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1994 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын.
2) тіркеуге алуға дейін 1994 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін.
4. Сарқан аудандық ішкі істер бөлімі (А.Т. Асқарбаев):
әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіру топтарын құрсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.
6. Осы шешім баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Жақанбаев