Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы № 51-307 шешімімен
Қазақстан Республикасы “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Кодексінің (Салық Кодексi) 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар ауданы бойынша 2010 жылға тіркелген салық ставкаларының мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық Мәслихат
сессиясының төрағасы Р. Т. Ыдрысова
Аудандық Мәслихат
хатшысы Р. М. Ыдралиев
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 20 қазандағы № 38-219
нормативті құқықтық кесімге қосымша
Талғар ауданы бойынша 2010 жылға
тіркелген салық ставкасының мөлшері
Рет саны |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
11 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
17 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1,5 |
4 |
Ойын жолы (боулинг) |
20 |
5 |
Карт |
11 |
6 |
Бильярд үстелі |
5 |