Талғар ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2011-2013 жылдарға белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы N 51-307 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талғар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 29 қарашада N 2-18-135 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 30 маусымдағы 2014 № 33-183 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 30.06.2014 № 33-183 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Талғар ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2011-2013 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       2. Талғар аудандық мәслихатының 2010 жылы 20 қазандағы № 38-219 "Талғар ауданы бойынша 2010 жылға тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2010 жылы 01 желтоқсанда 2-18-116 нөмірімен тіркелген, аудандық "Талғар" газетінде 2010 жылы 11 желтоқсандағы № 52 (3926) жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Абдулдаев Бердәулет Ешенұлына және аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
       4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М.Ж. Мырзатаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Р.М. Ыдралиева

Аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 21 қазандағы
№ 51-307 "Талғар ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын 2011-2013
жылдарға белгілеу туралы"
шешіміне қосымша

Талғар ауданы бойынша 2011-2013 жылдарға арналған бірыңғай
тіркелген салық ставкаларының мөлшері

Рет саны

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен )

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

11

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

17

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы (боулинг)

20

5

Карт

11

6

Бильярд үстелі

6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады