Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы N 02-45 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 26 ақпанда N 2-19-90 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 331 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 11.09.2024 № 331 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.

Аудан әкімі

К. Омаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады