Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2010.12.22 N 43-7 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 14, 15-тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр ауданындағы қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімді орындалуы "Ұйғыр ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Үркімбаев Стамшал Үркімбайұлына жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нурахунов Шухрат Турдахунұлына және аудандық мәслихаттың заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, еркі мен бостандығы туралы мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы З.З. Тохсунов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы М.М. Нуров
Ұйғыр аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 5 ақпандағы
"Тіркелген бірыңғай салық
ставкаларын бекіту
туралы" N 31-4 шешіміне
қосымша
N |
Салық салу объектісінің аталуы |
Тіркелген салықтың |
1 |
бір ойыншының қатысуымен ойынға |
3 |
2 |
бірнеше ойыншылар қатысуымен |
3 |
3 |
дербес компьютерді ойын өткізу |
1 |
4 |
ойын жолы |
6 |
5 |
карт |
2 |
6 |
бильярд үстелі |
7 |