"Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 маусымдағы N 36-6 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 06 тамызда N 2-19-105 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 5-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2012.06.08 N 5-2 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" белгіленсін.
       2. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағы туралы Ережесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат жетекшісі Исмаилов Мирзалим Муталимұлы мен аудандық мәслихаттың "Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, еркі мен бостандығын қорғау" мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Т. Кадыров

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    М. Нуров

Ұйғыр аудандық мәслихатының
2010 жылғы 30 маусымдағы
"Ұйғыр ауданының құрметті
азаматы" атағын беру туралы
N 36-6 шешімімен
бекітілген

"Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағын беру
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағының берілуі моральдық көтермелеудің маңызды түрлерінің бірі. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағы атты қадірлеу белгісі ауданның дамуына ерекше еңбек сіңіргені үшін, азаматтарға тірі кезінде беріледі.
      2. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағын Ұйғыр аудандық мәслихаты береді.
      3. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағы өмірбаяндары Ұйғыр ауданымен байланысты ауданның азаматтарына, сондай-ақ басқа аудан, қалалар азаматтарына Ұйғыр ауданының дамуына қосқан келесі үлестері үшін беріледі:
      1) ауданның әлеуметтік - экономикалық реформаларына белсене қатысса, экономикалық қаржылық, өнеркәсіп және аграрлық секторларының дамуына түпкілікті ықпал етсе, кең көлемді инвестицияларды тартса.
      2) қоғамды демократияландыру ісіне қатысып, аудан халқын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асырса, жемісті және белсенді түрде қайырымдылық қызмет атқарса.
      3) агроөнеркәсіп, техникалық тиімділігі жоғары жаңа техника мен технология енгізсе.
      4) аудан халықтарының ұлттық мәдениеттерін жақындастырып, дәстүрлерін дамытып насихаттаса, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етсе, аудан тарихын зерттеп, көркемдігі жағынан биік өнер, әдебиет және журналистика туындыларын шығарса.
      5) Егемен Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігінің қалыптасуына үлкен үлес қосса, жастарды тәрбиелеудің, оқушылар мен студенттерге сапалы білім берудің, спортты, дене тәрбиесін дамытудың жаңа түрлерін нығайтса, оны практика жүзінде іске асырса.
      6) адам өмірін, аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған табиғи ортаны сауықтыру ісіне үлес қосса.
      7) заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізсе, азаматтар құқығының қорғалуына еңбек сіңірсе, бейбіт уақытта парызы мен азаматтық міндетін атқаруда жеке ерлік көрсетсе.
      4. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағына үміткер келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
      1) Бұрынғы КСРО-ның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен (Орден, медаль) марапатталған, Қазақстан Республикасының құрмет грамотасының, өзінің қызмет саласы бойынша Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын иеленгендер.
      2) Ұйғыр ауданының басшысы болып 5 жылдан артық мінсіз қызмет (жұмыс) атқарса, 10 жылдан жоғары аудан деңгейінде басшы қызметін немесе 20 жылдан артық бір салада қызмет атқарып, ауданға ерекше ең егін сіңірсе, өзінің қызметтік міндетін атқаруда жоғары кәсіби шеберлік, білімділік пен біліктілік таныта білген, аудан азаматтарының алғысына бөленіп, құрметіне ие болса.

2. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағы кезектен тыс
мынадай жағдайларда беріледі

      1. Ұйғыр ауданының азаматы өнер, мәдениет, білім, спорт салаларында, олимпиада ойындарында, халықаралық жарыстарда, байқауларда бас жүлдені иеленсе.
      2. Спорт жарыстары бойынша Еуропа, әлем біріншілігінде жүлделі орын алса.
      3. Ғылым салаларын дамыту үшін доктор ғылыми дәрежесін, профессор-ғылыми атағын алса.
      4. Әскери және құқық қорғау салаларында жоғарғы шенге (генерал) ие болса.
      5. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді аудан әкімінің ұсынуымен аудандық мәслихат депутаттары көпшілік дауысымен мәслихат сессиясында қабылдайды.
      6. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға куәлік пен төс белгісі тапсырылады.
      7. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" төс белгісі мен куәлігін аудандық мәслихаттың хатшысы және аудан әкімі салтанатты жағдайда иесіне тапсырады.
      8. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім аудандық "Іле шұғыласы-Или вадиси" газетінде жарияланады.

3. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну
тәртібі

      1. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағы жыл сайын жеті адамға дейін-ақ берілуі мүмкін.
      2. "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағы беру туралы ұсынысты, өкімді аудандық мәслихатқа аудан әкімі енгізеді.
      3. Кәсіпорын, ұйым, бірлестік, қоғамдық ұйымдар және шығармашылық одақтардың басшылары "Ұйғыр ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы өтініш хатты, ұжымның жалпы жиналысының хаттамасын, ұсынылған кандидатқа мінездемені аудан әкімінің аппаратына ұсынады.
      4. Атақ беру үшін ұсынылған адамның кандидатурасы жұмыс істейтін кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, сондай-ақ қоғамдық ұйымның жиналысында қаралып, шешім қабылданады, мінездеме бекітіледі.
      5. Атақ беру үшін ұсынылған кандидаттың ауданға сіңірген еңбегі, көрсеткіштері, шығармашылық еңбектері, қызметінің тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер, негізгі жұмыс нәтижелері, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына қосқан нақты үлесі көрсетілген мінездеме келтіріледі.
      Атаққа ұсынылатын ғалымдардың, ғылым қайраткерлерінің мінездемесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі, өнертапқыштардың өндіріске енгізген жаңалықтарының (экономикалық тиімділігі көрсетілген) тізбесі өнертабыстары туралы авторлық куәліктердің кшірмелері қоса тапсырылады.
      6. Жиналыс хаттамасына жиналыс төрағасы, хатшысы қол қояды, мөр басып, куәландырылады. Аудан әкіміне жолдаған өтініш хатқа, мінездемеге кәсіпорын, ұйым, бірлестік, қоғамдық ұйымның, шығармашылық одақтың басшылары қол қояды, мөр басып, куәландырылады.
      7. Атақ беру туралы өтініш хат, жиналыс хаттамасы, мінездеме мемлекеттік тілде хаттамаландырылады, келісу үшін аудан әкіміне жолданады.
      8. Атақ беру туралы құжаттар қабылданбаған жағдайда және аудандық мәслихаттың сессиясында атақ берілмесе аудандық мәслихат, аудан әкімдігі, кәсіпорын, мекеме, бірлестік, қоғамдық ұйымға ауызша немесе жазбаша түрде түсіндірме береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады