2010 жылғы көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 116 Қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 08 маусымда 1744 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына және «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығына сәйкес және «Оралмандардың 2010 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 74 Қаулысын іске асыру мақсатында Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша шет елдерден Жамбыл облысына көшіп келетін 1840 оралман отбасылары аудандар мен Тараз қаласына қоныстандырылсын.
      2. «Көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) оралмандарды қабылдауды, оларға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес үй-жай алуға, біржолғы жәрдемақылар төлеуге және көлік шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен төлемдер төлеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Аудандар мен Тараз қаласы әкімдері оралмандар отбасыларын елді мекендерге орналастыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда оларға тұрғын үй салу және шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін жер телімдерін бөліп, оралмандарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге даярлау мен қайта даярлауды, еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын.
      4. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) оралмандарды қабылдау кезінде, жол жүріп келе жатқанда және облыс аумағындағы тұрғылықты жерінде жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігін, заңда белгіленген тәртіппен уақтылы тіркеуді және орналасқан жерінде тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға рұқсат беретін қажетті құжаттардың берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі оралмандар балаларының шетелде алған білімі туралы құжаттарын зерделеуді жүзеге асырсын, қажет болған жағдайда олардың білімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін оларды қысқартылған мерзімді өтпелі оқу жоспарлары бойынша қосымша оқытуды ұйымдастырсын.
      6. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі көшіп келген оралмандардың Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей жалпы негізде медициналық тексерілуін және науқастарының емделуін қамтамасыз етсін.
      7. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) және «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалына (келісім бойынша) «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес көшіп келген оралмандарға зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша жұмыстарды жүргізу ұсынылсын.
      8. «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқын оралмандарды орналастыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар жөнінде хабардар етсін.
      9. «2009 жылға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 58 Қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1722 болып тіркелген, 2009 жылдың 7 сәуірдегі № 61 «Ақ жол» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      10.Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бақытбек Зұбайраұлы Иманәлиевке жүктелсін.
      11. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Қ. Бозымбаев

Келісілді:
«Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Бақылау және әлеуметтік
қорғау комитетінің Жамбыл облысы
бойынша Бақылау және әлеуметтік
қорғау департаменті» мемлекеттік
мекемесінің директоры
Ә.Тұрысов
30.04.2010 ж

«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі Жамбыл
облысының Ішкі істер департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Аймағамбетов
30.04.2010 ж

«Көші-қон комитетінің Жамбыл облысы
бойынша департаменті» мемлекеттік
мекемесінің директорының міндетін атқарушы
К.Ұлтанбаев
30.04.2010 ж

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің мемлекеттік зейнетақы
төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық
филиалының директоры
А.Аймағамбетов
30.04.2010 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады