Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 142 Қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2010 жылғы 08 маусымда № 1745 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабындағы 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес және «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 Қаулысының негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2.«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру ұйымдарына орналастырсын.
      3.Бекітілген білім беру тапсырысы шегінде «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 Қаулысымен белгіленген квота қолданылады деп анықталсын.
      4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 158 Қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1724 болып тіркелген, 2009 жылдың 6 маусымында «Ақ жол» облыстық газетінде жарияланған) және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2009 жылдың 29 сәуіріндегі № 158 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 маусымдағы № 237 Қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1726 болып тіркелген, 2009 жылдың 18 шілдедегі «Ақ жол» облыстық газетінде жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.
      5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепбергенге жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Қ.Бозымбаев

Облыс әкімдігінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 142 Қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Жамбыл облысының әкімдігінің 2010.12.02 № 333 Қаулысымен.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мамандықтардың коды

Мамандықтардың атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

барлығы

оның ішінде қазақ тілінде оқыту

1

0101013

Мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі

70

45

2

0104000

Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)

75

75

3

0105013

Бастауыш білім беру мұғалімі

45

45

4

0105023

Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі

20

20

5

0105033

Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі

25

25

6

0106013

Бейнелеу өнері және сызу пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі

15

15

7

0108013

Музыка пәнінің мектепке дейінгі ұжымдардағы және негізгі орта білім беру мұғалімі

15

15

8

0105043

Қазақ тілінен бастауыш білім беру мұғалімі

20

20

9

0105063

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

20

0

10

0301000

Емдеу ісі

220

135

11

0302000

Медбикелік іс

30

30

12

0402000

Дизайн (салалар бойынша)

25

0

13

0404000

Аспаптық-орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша)

16

16

14

0405013

Оқытушы хормейстер

5

5

15

0409000

Актерлік өнер

10

10

16

0413000

Сәнді - қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)

10

10

17

0502000

Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша)

25

25

18

0506000

Шаштараз өнері және сәндік косметика

53

0

19

0508000

Тамақтандыруды ұйымдастыру

53

25

20

0508012

Аспаз

180

125

21

0510012

Хатшы-референт

25

25

22

0515000

Менеджмент(салалар және қолдану аясы бойынша)

25

25

23

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша

175

150

24

0601000

Метрология,стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

25

25

25

0706000

Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу

25

25

26

0707000

Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

70

50

27

0711000

Маркшейдерлік іс

25

25

28

0713000

Геодезия және картография

25

0

29

0809000

Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)

95

95

30

0816000

Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)

25

25

31

0819000

Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

25

25

32

0902012

Электрмен қамтамасыз ету

25

0

33

0911000

Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану,қызмет көрсету және жөндеу электр (түрлері бойынша)

50

25

34

1013000

Механоөңдеу,өлшеуіш-бақылау приборлары және машина жасау автоматикасы

50

25

35

1108012

Вагондарды қараушы

30

30

36

1108062

Тепловоз машинисінің көмекшісі

55

55

37

1108072

Электровоз машинисінің көмекшісі

60

30

38

1112000

Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану

25

25

39

1114000

Пісіру ісі (түрлері бойынша)

75

75

40

1114042

Электргазымен пісіруші

330

255

41

1115042

Электрожабдықтарды жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер

105

25

42

1201000

Автокөлікті жөндеу,пайдалану және қызмет көрсету

145

120

43

1201072

Автөкөлік жөндейтін слесарь

100

75

44

1203012

Теміржол станциясының кезекшісі

30

30

45

1211000

Тігін өндірісі және киімді моделдеу

50

50

46

1211032

Тігінші

37

37

47

1211062

Тігінші

150

100

48

1303022

Сигнал беру құрылысын орталықтандыру, блокадалау жабдықтарына қызмет көрсетуші және жөндеуші электромонтеры

30

0

49

1302012

Бақылау-өлшеу приборлары және автоматика бойынша слесарі

30

0

50

1304000

Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)

151

100

51

1304012

Электрондық есептеу машинасының операторы

300

200

52

1305000

Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)

25

25

53

1306000

Радиотехника және байланыс (түрлері бойынша)

25

25

54

1401000

Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану

148

123

55

1402172

Кран машинисі (краншы)

25

0

56

1405000

Газбен қамтамасыз ету жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану

20

20

57

1410000

Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану

45

45

58

1414000

Жихаз өндірісі (түрлері бойынша)

50

50

59

1502000

Агрономия

50

50

60

1504000

Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша)

250

225

61

1504062

Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист

125

100

62

1504092

Электрожабдықтарға қызмет көрсетуші

25

25

63

1510000

Ауыл шаруашылығын механиканландыру

25

25

64

1511000

Жерге орналастыру

25

25

65

1512000

Зоотехния

25

25

66

1513000

Ветеринария

100

100

67

1513012

Мал шаруашылығында ветеринарлық өңдеуші операторы

25

25


Жиынтығы:

4288

3256

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады