РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 142 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1745 болып тіркелген, 2010 жылдың 12 маусымында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшасында:
№ 41 1115042 «Электрожабдықтарды жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер» деген жолда «барлығы» деген бағанда «80» деген сан «105» деген санмен ауыстырылсын;
№ 45 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу» деген жолда «барлығы» деген бағанда «75» деген сан «50» деген санмен ауыстырылсын;
№ 54 1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» деген жолда «барлығы» деген бағанда «123» деген сан «148» деген санмен, «оның ішінде қазақ тілінде оқыту» деген бағанда «98» деген сан «123» деген санмен ауыстырылсын;
№ 60-ы 1504000 «Ферма шаруашылығы» (бейіндері бойынша) жолда «барлығы» деген бағанда «275» деген сан «250» деген санмен, «оның ішінде қазақ тілінде оқыту» деген жолда «250» деген сан «225» деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепбергенге жүктелсін.
Облыс әкімі Қ. Бозымбаев