РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Жоғары өрт қаупі бар 4-5 классты кезеңнің басталуына байланысты, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабындағы 1 тармағының 9) тармақшасы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары өрт қаупі бар кезеңде (үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
2. Аудан әкімдері және «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының 1 тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс аумағында өртке қарсы атқарылып отырған іс-шаралар жөніндегі ақпаратпен тұрақты түрде ақпарат құралдары өкілдерін қамтамасыз етіп отырсын.
4. Осы Қаулы Әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі Қ. Бозымбаев