"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы № 329 Қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 қаңтарда № 1770 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес және 2010 жылғы 15 тамыздағы «Қоршаған ортаны қорғау» 008 бағдарламасы бойынша «Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарын төлқұжаттандыру мен түгендеу, бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы» ғылыми есептің негізінде Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1660 болып тіркелген, 2007 жылдың 12 мамырында «Ақ жол» және 2007 жылдың 12 мамырында «Знамя труда» облыстық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде:
      «Су айдындарының атауы» бағанына:
      1 жол: «Каскад Темірбек, Багара-1»;
      2 жол: «Каскад Каменное, Колос тәлім бағы, Шайдана, Дилдабай, Жаманкөл, Нұрлы»;
      3 жол: «Көкәуіт»;
      4 жол: «Войнское, Ленинский-Комсомольский, Ақкүшік, Шарбақты, Құндыз»;
      5 жол: «Кеңес, Аспара Қарабайлама, Кіші Арал»;
      9 жол: «Қондыбай, Сарғау»;
      10 жол: «Ешкілі Қордай, Қарақоңыз, Қақпатас, Алты айғыр, Қарасу, Қасқасу, Кенен» сөздерімен толықтырылсын:
      «Су айдындарының атауы» бағанынан:
      1 жолдағы: «Новое, Верхнее»;
      3 жолдағы: «Ботақара»;
      8 жолдағы: «Шортанкөл, Айдын»;
      9 жолдағы: «Көкөзек» сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады