Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 ақпандағы № 42 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 28 ақпанда № 5262-08 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Карашукеев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 27 ақпандағы № 42
  қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы қыркүйектегі "Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қаражатын құрау және пайдалану ережесін бекіту туралы" № 1003 қаулысын жүзеге асыру туралы" Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 27 тамызда 27-бабына қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1448 болып тіркелген).

      2) "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы № 329 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1770 болып тіркелген).

      3) "Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 329 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1792 болып тіркелген).

      4) "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 75 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2659 болып тіркелген).

      5) "Өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 220 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2787 болып тіркелген).

      6) "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 223 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2762 болып тіркелген).

      7) "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 308 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2864 болып тіркелген).

      8) "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 241 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3146 болып тіркелген).

      9) "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 332 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3229 болып тіркелген).

      10) "Субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлерін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 97 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 333 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3231 болып тіркелген).

      11) "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 02 маусым № 113 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген).

      12) "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3709 болып тіркелген).

      13) "Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26784 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады