Қала паркінің, көшесінің атын өзгерту және көшесіне жаңа атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 наурыздағы N 297 Қаулысы және Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 27-6 Шешімі. Жамбыл облысы Тараз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірінде 101 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 4) тармақшасы негізінде Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тараз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Жеңіс» паркінің аты Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» паркі болып өзгертілсін.
      2. Шота Руставели көшесі Мұқаш Қойшыбековтің есіміне өзгертілсін.
      3. «Арай» алқабындағы жаңа көшелердің біріне Шота Руставелидің есімі берілсін.
      4. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Тараз қалалық
      Е.Астаев                                   мәслихат хатшысы
                                                 Ө.Байшығашев

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ж.Бөлекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады