Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орнына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалаласының әкімдігінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 838 Қаулысы. Жамбыл облысы Тараз қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 қарашаның 115 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 15.01.2020 № 89 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, жұмыспен қамту мақсатында Тараз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Тараз қаласындағы жұмыс берушілерге, жұмыс орнының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.

      2. Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкiмiнің орынбасары С.Қ. Мәдиеваға жүктелсiн.

      Тараз қаласының әкімі Е. Астаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады