"Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсанда N 36-7 Шешімі. Тараз қалалық Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 қаңтарында 6-1-119 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы мәслихатының 2014 жылғы 28 тамыздағы № 32-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы мәслихатының 28.08.2014 № 32-4 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТI:
      1. «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-117 болып тіркелген, 2010 жылдың 23 маусымда № 25 «Жамбыл Тараз» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiнің:
      4 тармақтағы «15» сандары «10» сандарымен ауыстырылсын;
      5 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі»;
      6 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы тоқсанның бірінші айының 1-ші күнінен соңғы айының 20-шы күніне дейін жүргізіледі және тоқсанға толығымен тағайындалады, ал ағымдағы тоқсанның 20-шы күнінен кейін түскен өтініштер бойынша тұрғын үй көмегі өтініш иесіне келесі айдың 1-ші күнінен бастап тағайындалады»;
      9 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Жеке тұтыну есептеуіші бойынша пайдаланған коммуналдық қызметтердің нақты сомасы қызметтің сол түрі бойынша бекітілген нормадан аспауы қажет»;
      14 тармақтың 2) тармақшасындағы «50» сандары «80» сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы Шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi, алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылдың 1 қаңтарынан туындаған қатынастарға таралады.
      
      Қалалық мәслихаттың                        Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Қ.Болысбаев                                Ө.Байшығашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады