2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсанда N 1107 Қаулысы. Тараз қалалық Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қаңтарында 6-1-124 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген «Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне» сәйкес, жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
      2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сара Қабылбекқызы Мәдиеваға жүктелсін.
      
      Қала әкімі                                 Б.Орынбеков

"КЕЛІСІЛДІ"

"Жамбыл облысының
Әділет департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Н.Егінбаев
27 желтоқсан 2010 жыл

"Жамбыл облысы Тараз қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.Мельников
27 желтоқсан 2010 жыл

"Жамбыл облысы Ішкі істер
департаментінің Тараз қалалық
ішкі істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
К.Досанов
27 желтоқсан 2010 жыл

Тараз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1107 қаулысына қосымша

Ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

      Ескерту. қосымшаға өзгерістер енгізілді - Тараз қаласының әкімдігінің 2011.04.13 № 244 (2011.04.13 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымның атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлерi

Көлемi мен нақты жағдайлары

Қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi (тенге)

2011 жыл

Сұраныс

Ұсыныс

1

«Тараз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң «Жасыл-Тараз» мамандандырылған кәсiпорын шаруашылық жүргiзу құқығындағы» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны

Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

Аптасына 40 сағат, 12 ай мерзімге

25 000
жергiлiктi бюджет


355

355

2

«Жамбыл облысының Әдiлет департаментi» мемлекеттiк мекемесi

Құжаттарды рәсiмдеуге техникалық көмек көрсету

Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 8 сағат, 12 ай  мерзімге

22 000
жергiлiктi бюджет


20

3

3

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық Ішкі істер басқармасы» мемлекеттiк мекемесi

Бөлімшелердің аулаларын санитарлық тазалау

Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 8 сағат, 12 ай мерзiмге

20 000
жергiлiктi бюджет


10

3

4

«Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету

Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 8 сағат, 6 ай мерзiмге

20 000
жергiлiктi бюджет


20

5

5

«Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аула клубтарының жұмыстарын ұйымдастыру үшін

Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 8 сағат, 12 ай мерзімге

20 000
жергiлiктi бюджет


10

10

6

"Тараз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң "Тұрғын үй" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорыны

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Аптасына 40 сағат, 12 ай мерзімге

20 000
жергiлiктi бюджет

10

10


Барлығы:




425

386

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады