Тараз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы "2011 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 1107 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 244 Қаулысы. Тараз қалалық Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 мамырда 6-1-130 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5 тармағына20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген «Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне» сәйкес, жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тараз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы «2011 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 1107 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-124 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 ақпандағы № 6 «Жамбыл Тараз» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасындағы:
      1 жолдағы «250» деген сандар «355» деген сандарымен ауыстырылсын;
      «Барлығы» деген жолда «320» деген сандар «425» деген сандарымен, «281» деген сандар «386» деген сандарымен ауыстырылсын.
       2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Күлімхан Майлыбекқызы Тоғызбаеваға жүктелсін.

      Қала әкімі                                 Б.Орынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады