РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бап 3 тармағына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуіріндегі № 313 Қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шақырылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Мұсабеков Қанат Дәлібайұлы |
– «Жамбыл облысы Байзақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша); |
Шатаева Гаухар Серікбекқызы |
– «Байзақ ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары; |
комиссия мүшелері: |
|
Наржанов Темірхан Тойқараұлы |
- «Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Байзақі аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция капитаны (келісімі бойынша); |
Усманова Алмагүл Артыққызы |
– «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Байзақ аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы (келісімі бойынша); |
Әмірова Жансая Керімханқызы |
– «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Байзақ аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша). |
3. «Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Байзақ аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) құзіреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадырбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.
5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 15 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.
Аудан Әкімі Б. Құлекеев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Байзақ аудандық
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ. Мұсабеков
27 сәуір 2010 жыл
«Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Байзақ аудандық
Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
27 сәуір 2010 жыл
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасының Байзақ аудандық
орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының бастығы
Р. Сапарбеков
27 сәуір 2010 жыл