Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 13-12 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6 – тармағына сәйкес, аудандық салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық байқау мен зерттеу деректері негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй – жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
С. Молдабеков А. Унетаева
Байзақ аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 36 – 11 шешіміне қосымша
Байзақ ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй – жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны.
№ |
Кәсіпкерлік түрлері |
Бір жолғы талон құны, (теңге) |
1 |
Тауарлардың бөлшек саудасы |
59 |
2 |
Жеміс және көкөністердің бөлшек саудасы |
59 |
3 |
Ет және ет өнімдерінің бөлшек саудасы. |
85 |