Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімдігінің 28.03.2019 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына және "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 31 наурыздағы № 94 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 1612 болып тіркелген, 2005 жылдың 28 мамырында "Ақжол" № 64 және 2005 жылдың 24 мамырында "Знамя труда" № 63 облыстық газеттерінде жарияланған) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуға арналған арнайы бөлінген тұрақты үй - жайы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы Рысбек Батыр көшесінде орналасқан "Қазпочта" акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалы Жуалы аудандық почта байланысы торабы ғимаратының № 2 бөлімшесі белгіленсін.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақовқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Қарашолақов |