"Тіркелген салық ставкалары туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 13-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 мамырдағы № 27-5 шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 маусымда 92 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 наурыздағы № 46-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 05.03.2019 № 46-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1."Тіркелген салық ставкалары туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 13-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-5-74 болып тіркелген, 2009 жылдың 4 наурызында № 27 аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Аталған шешімінің қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы Ф. Байбекова
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Сүгірбай

  Қордай аудандық мәслихатының
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 27-5 шешіміне қосымша
  Қордай аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 қаңтардағы
№ 13-5 шешіміне қосымша

Қызметін Қордай ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

2.

Бильярд үстелі

3

3.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

5

4.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады