Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 21.12.2012 № 13-12 шешімімен.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6 тармағына сәйкес аудандық салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық байқау мен зерттеу деректері негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қордай ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болып жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін және базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Базарларда тауар сатумен айналысатын тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны туралы» Қордай аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3-9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-5-55 болып тіркелген, 2008 жылдың 30 қаңтарында «Қордай шамшырағы» - «Кордайский маяк» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы
Ф. Байбекова Т. Сүгірбай
Қордай аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 27-4 шешіміне қосымша
Қордай ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болып жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін және базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
Ескерту. қосымшаға толықтыру енгізілді - Қордай аудандық мәслихатының 2012.03.02 № 3-3 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Рет № |
Сату түрлері |
Біржолғы талондардың құны (теңге) |
1. |
Халық тұтыну тауарлары: |
|
1) |
заттар (киім, аяқ киім және басқалар) |
135 |
2) |
мол ассортименттегі заттар (киім, аяқ киім, кілемдер, паластар, маталар) |
165 |
3) |
косметика және парфюмерия |
190 |
4) |
кеңсе және шаруашылық-тұрмыстық тауарлары (ыдыстар, тұрмыстық бұйымдар), жуғыш заттар |
210 |
5) |
құрылыс материалдары |
240 |
6) |
балалар ойыншықтары |
145 |
7) |
теледидарлар, бейне және дыбысмагнитофондар, электротехника |
240 |
8) |
бұрын қолданыста болған тауарлар (қосалқы бөлшектер, заттар, ыдыстар) |
90 |
9) |
қосалқы бөлшектер |
130 |
10) |
өсімдік тұқымдары, көкөніс және ағаш көшеттері |
115 |
11) |
гүлдер (табиғи, жасанды) |
290 |
12) |
әр түрлі ұсақ тауарлар (темекі, насыбай, әк тас, шемішке және басқалар), газет пен журналдар, дыбыс, бейне таспалар, дискілер |
105 |
2. |
Тамақ өнімдері: |
|
1) |
сүт, қаймақ, айран, қатық, сүзбе, ірімшік, жұмыртқа |
105 |
2) |
ет және ет өнімдері |
150 |
3) |
балық, балық өнімдері |
145 |
4) |
өсімдік майлары |
135 |
5) |
азық-түлік тауарлары (макарон өнімдері, нан-бөлке өнімдері, кондитер өнімдері) бал |
160 |
6) |
мол ассортименттегі азық-түлік тауарлары (макарон өнімдері, кәмпиттер, печенье, нан-бөлке өнімдері, кондитер өнімдері) бал |
270 |
7) |
салқындатылған сусындар, газдалған су, квас, балмұздақ |
75 |
8) |
кәуәп, гриль, гамбургерлер, пирожкилер, самсалар, бәліштер, пиццалар, хот-догтар, мәнті, таба нандар, попкорн |
195 |
9) |
ұн, қант |
270 |
10) |
салаттар |
300 |
3. |
Көкөніс, жеміс және бақша өнімдері: |
|
1) |
сөрелерден |
105 |
2) |
жеңіл автокөліктен |
110 |
3) |
3 тоннадан жоғары жүк автокөлігінен |
420 |
4. |
Басқа тауарлар: |
|
1) |
шөп, сексеуіл, көмір |
255 |
2) |
малазықтық жем |
105 |
5. |
Тірі мал (әр бастан): |
|
1) |
ірі қара, жылқы |
120 |
2) |
ірі қара және жылқы төлдері |
90 |
3) |
қой, ешкі |
95 |
4) |
қой және ешкі төлдері |
90 |
5) |
шошқалар |
110 |
6) |
торайлар |
70 |
7) |
құстар, аңдар (сауда орнынан) |
70 |
6. |
Басқа қызметтер: |
|
1) |
үй жануарларын бағу (әр басқа): |
|
ірі қара малдарды |
2 |
|
жылқыларды |
2 |
|
қой мен ешкілерді |
0,20 |
|
2) |
кілт жасау қызметі |
155 |
3) |
аяқ киім жөндеу қызметі |
140 |
4) |
жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі |
505 |