"2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери Қызметке шақыру туралы" Қордай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 102 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы N 473 Қаулысы. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 желтоқсандада 112 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Аудандық комиссиясының кейбір мүшелерінің жұмыс орындарын ауыстыруына және жұмыстан шығуына байланысты, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31-бабының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери Қызметке шақыру туралы» Қордай ауданы Әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 207 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-5-91 болып тіркелген, 2010 жылғы № 68 «Қордай шамшырағы»-«Кордайский маяк» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақта:
      3 абзацтағы «Шарапов Арман Бектұрғанұлы» деген сөздер «Шынгожаева Алина Александровна» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4 абзацтағы «Баймухамбетов Бахыт Төлебайұлы» деген сөздер «Шынғожа Қуат Төребекұлы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      Мына:

«Исқақова Мәншүк Әбдіқадырқызы

- «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Сахаева Мадина Ернархановна

- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қордай аудандық орталық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, әскерге шақыру комиссиясының хатшысы (келісімі бойынша)».

      2. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қордай ауданының әкімі                     І. Тортаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Қордай аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Құсқанбаев
23.11.2010 жылғы

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасының Қордай аудандық орталық
емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері, денсаулық сақтау үйлестірушісі
К.Бөрібаева
23.11.2010 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады