2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы N 438 Қаулысы. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 желтоқсандада 113 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты)

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 13) тармақшасын және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабының 5 тармағына негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысын, басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, нақты жағдайлары және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шарт жасасын.
      4. Қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздардың еңбек ақысы жергілікті бюджет есебінен 20205 (жиырма мың екі жүз бес) теңге еңбекақы көлемінде жүргізілсін.
      5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Қордай ауданының әкімі                     І. Тортаев

Қордай ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 438 қаулысына 1-қосымша

2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

      1. «Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      2. «Отар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      3. «Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      4. «Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      5. «Қасық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      6. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      7. «Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      8. «Алға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      9. «Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      10. «Қақпатас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      11. «Кенен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      12. «Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      13. «Масаншы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      14. «Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      15. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      16. «Сортөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      17. «Үлкен - Сүлутөр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      18. «Сұлутөр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      19. «Ауқаты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      20. «Қордай ауданы әкімдігінің білім және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      21. «Балауса» балалар сауықтыру лагері мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
      22. «Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      23. «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
      24. «Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қордай ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 438 қаулысына 2-қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 

Сұраныс

Ұсыныс

Қоғамдық жұмыс түрлері

Атқарылатын жұмыстың көлемі

Нақты жағдайлары

1

20

20

Іс қағаздармен жұмыс, құжаттарды рәсімдеуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, жалғызбастыларға және тұрмысы төмендердің тұрмыс жағдайын анықтауға, оларға атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттарын жинауға көмектесу

2

2

2

Іс қағаздармен жұмыс, құжаттарды рәсімдеуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша жұмыс мерзімі 3 ай.

Шаруашылық кітаптарындағы мәліметтерді нақтылау жұмыстарына көмектесу

3

14

14

Көркем безендірулер және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша жұмыс мерзімі 2 ай.

Аудандағы ауыл округтарында стенділерді, плакаттарды және атаулы белгілерді көркем безендіру, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге көмектесу

4

15

15

Ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша жұмыс мерзімі 3 ай.

Әлеуметтік-мәдени нысаналарды /мектептер,мәдениет үйлері,әкімшілік ғимараттары/ ағымдық жөндеулерден өткізуге көмектесу

5

2

22

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге учаскелік полиця инспекторларына қоғамдық көмекші болуға

Толық емес жұмыс күн жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге учаскелік полиция инспекторларына қоғамдық көмекші болу

6

37

37

Санитарлық тазалау, көркейту, көгалдандыру жұмыстарына көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай.

Қоқыстан тазарту, гүл отырғызу, суғару, арам шөптерден тазарту, тал ағаштарын отырғызу және суғаруға көмектесу

7

5

5

Әскерге шақыруға көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі 4 ай

Әскерге шақыру жұмыстарын жүргізуге көмектесуге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады