РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, аудан аумағында құтырма ауруы тіркелуіне байланысты, Меркі ауданы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 25 қарашадағы № 757 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Аудан аумағындағы Ақтоған аулдық округі "Қазақ дихан" елді мекенінде құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2.Барлық сау малдарды құтырма ауруына қарсы вакцинациялансын.
3.Ауру мал шыққан, тұрған, қора-жайлармен аулаларда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілсін.
4.Тұрғындармен аурудың адамға қауіпті екені жайында түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілсін.
5.Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6.Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Ахметжановка жүктелсін.
Аудан әкімі С.Жұмағулов