2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы N 47 Қаулысы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 наурызда 52 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 13) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 және 20-бабтарының негізінде, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3.«Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Есіркепов) ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
      4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы «2010-2012 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
      5 «Мойынқұм аудан әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Шынжарбеков) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6.Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Жантоқовқа жүктелсін.
      7.Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойынқұм ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Естаев

«КЕЛІСІЛДІ»:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
"Жамбыл облысының Әділет департаменті
Мойынқұм ауданының Әділет басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ә. Байтереков
16.02.2010 ж.

Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 47 Қаулысына 1-қосымша

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

      1. «Мойынқұм ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      2. «Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      3. «Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      4. «Мойынқұм ауданы Қызылтал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      5. «Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      6. «Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      7. «Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      8. «Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      9. «Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      10. «Мойынқұм ауданы Күшаман ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      11. «Мойынқұм ауданы Хантау кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      12. «Мойынқұм ауданы Мирный кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      13. «Мойынқұм ауданы Шығанақ кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      14. «Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      15. «Мойынқұм ауданы Ақсүйек кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      16. «Мойынқұм ауданы Ақбақай кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      17. «Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Жамбыл облысының Әділет Департаменті Мойынқұм аудандық Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 47 Қаулысына 2-қосымша

2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар

Жұмыс түрлері

Нақты жұмыс жағдайлары

Көлемі

Қаржыландыру көздері

Сұраныс

Ұсыныс

1.

Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгалдандыру және тазалық жұмыстары)

1. Арық тазалау
2. Күл-қоқыс шығару
3. Жол құрылысы және жөндеу көмектесу
4. Көгалдандыру

80 километр
1600 тонна
60 километр
500 метр квадрат

Жергілікті бюджет

77

30

2.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету

1. Тал егу оны күзету, суғару
2. Ескі талдарды ретке келтіру
3. Көгалдандыру

20000 түп


50,1 гектар

Жергілікті бюджет

77

30

3

Барлығы




154

60

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады